Деректерді сақтық көшірмелеу тапсырмасын жасау

Сақтық көшірмелеу тапсырмасы Басқару серверінің тапсырмасы болып табылады және оны бағдарламаны жылдам іске қосу шебері жасайды. Бағдарламаны жылдам іске қосу шебері жасаған сақтық көшірмелеу тапсырмасы жойылса, оны қолмен жасауға болады.

Басқару серверінің деректерін сақтық көшірмелеу тапсырмасын жасау үшін:

  1. Консоль ағашында Тапсырмалар қалтасын таңдаңыз.
  2. Жасау процесін келесі тәсілдердің бірімен іске қосыңыз:
    • Тапсырмалар консолі ағашы қалтасының контекстік мәзірінде ЖасауТапсырма тармағын таңдаңыз.
    • Жұмыс аймағыдағы Тапсырма жасау түймесін басыңыз.

Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз. Шебердің Тапсырма түрін таңдау терезесінде Басқару сервері деректерінің резервтік қоймасы тапсырма түрін таңдаңыз.

Басқару сервері деректерінің резервтік қоймасы тапсырмасын тек бір үлгіде ғана жасауға болады. Басқару сервері деректерін сақтық көшірмелеу тапсырмасы Басқару сервері үшін жасалған болса, онда ол сақтық көшірмелеу тапсырмасын жасау шеберінің тапсырма түрін таңдау терезесінде көрсетілмейді.

Басына оралу